Футбол: Англия кубогы финалында сынға түсетін командалар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Англия кубогы финалында сынға түсетін командалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда ел астанасы - Лондон қаласының қос командасы «Арсенал» мен «Челси» кездеседі. Ойын 1 тамызда «Wembley» стадионында болады.

Жартылай финалда «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Сити» командасын 2:0 есебімен сүріндірді. Ойында лондондық клубтың шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг 19, 71 минуттарда қос голдың авторы атанды. Ол өз командасын финалға алып шықты.

Ал бүгін «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Челси» командасына 1:3 есебімен жол берді. Кездесуде лондондық клуб сапынан Оливье Жиру 45, Мэйсон Маунт 46, Гарри Магуайр 74-минуттарда гол соқса, оған алаң иелері сапынан Бруну Фернандеш 85-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.

«Арсенал» Англия кубогында 13 дүркін чемпион атанды. Соңғысы - 2017 жылы. Сондай-ақ, 7 рет финалға шыққан болатын.

Ал «Челси» аталмыш жарыста 8 мәрте жеңімпаз болды. Кубокқа олар соңғы рет 2018 жылы қол жеткізді.

Бұған дейін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар