Футбол: Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел чемпионы «Қайрат» командасына неміс шабуылшысы Штрели Мамба келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат» футбол клубы мәлім еткеніндей, Ш.Мамбемен екі жылға келісімшартқа қол қойылған.

Неміс ойыншысы 1994 жылы 17 маусымда Гёппингенде (Германия) дүниеге келген. Орталық шабуылшы, сонымен қатар қос қанатта да ойнай алады, оңқай.

Жасөспірім кезінде «Штутгарт», «Карлсруэ», «Кайзерслаутерн» сияқты командаларда доп тепті.

Кәсіпқой спорт жолын 2013 жылы «Хомбург» клубында бастады. Сондай-ақ «Гёппинген», «Грюнбах», «Фрайберг», «Зандхаузен» және «Энерги» (Коттбус) командаларының намысын қорғады.

Соңғы командасы – Екінші Бундеслигада өнер көрсететін «Падерборнда» екі маусымды өткізді.

Ш.Мамба 2019-2020 жылғы маусымда «Падерборн» сапында Бундеслигада ойнады. 24 матчта 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 24 кездесудің 18-інде негізгі құрамда алаңға шықты.

Футболшы Германияның түрлі лигаларында 199 матчта қарсыластар қақпасына 65 гол соқты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанайдың «Тобылы» алты футболшымен қоштасқанын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар