+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Футбол: Алексей Шпилевский «Қайраттан» кетті

2021 жылғы 7 маусым 21:30
Бөлісіңіз:
Футбол: Алексей Шпилевский «Қайраттан» кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Беларусь маманы Алексей Шпилевский ел чемпионы Алматының «Қайратынан» кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аян Бейсенбаев триатлоннан Африка кубогында топ жарды UEFA Чемпиондар лигасы: бүгін топтық кезеңінің екінші туры басталады Astana Open: Анна Данилина тартысты матчта есе жіберді

«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, А.Шпилевский командада бас жаттықтырушы міндетін 2,5 жыл бойы атқарды.

А.Шпилевский Германияда Бундеслиганың екінші дивизионында өнер көрсететін «Эрцгебирге» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

«Қайратпен» келісімшарттың мерзімінен бұрын үзілуіне байланысты алматылық команда «Эрцгебирге» клубынан өтемақы алатын болады.

«Қайраттың» уақытша бас бапкері міндетін қазақстандық маман Кирилл Кекер атқарады. Ол биылғы маусымда «Қайрат-Жастардың» басшылығына келген болатын. Сондай-ақ жастар командасын академия бапкері Кирилл Морунов жаттықтыратын болды.

Айта кетейік, өткен жылы А.Шпилевскийдің басшылығымен «Қайрат» ел чемпионы атанған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT