Футбол: «Ақжайыққа» жаңадан екі ойыншы алынды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Ақжайық» командасына жаңадан екі ойыншы алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Сергей Шафф пен Роман Павиничтің екеуі де - қазақстандық ойыншылар.

Шабуылшы 30 жастағы С.Шафф осыған дейін қарағандылық «Шахтерде» өнер көрсеткен. Биылғы жылдың басынан бері - еркін агент. Футболдағы жолын туған қаласы Қарағандыда бастаған ол «Атырау», «Тараз», «Жетісу», «Алтай», «Оқжетпес» сынды клубтарда доп тепкен.

Ел біріншілігінде 276 ойын өткізіп, 56 голдың авторы атанған. Әсіресе, 2016 жылы «Алтай» құрамында жүргенде, қарсыластар қақпасына 14 доп соққан.null

Тағы бір шабуылшы Р.Павинич - алматылық ЦСКА командасының түлегі. Кейін «Болат» (Теміртау), «Қайсар» (Қызылорда), «Қызылжар» (Петропавл) клубтарында ойнаған. Өткен жылы «Мақтаарал» сапында 29 матчта 10 голдың авторы атанды. Жалпы, Қазақстан чемпионатында 198 ойын (47 гол) өткізген.

Қазіргі кезде Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан, украиналық маман Сергей Зайцев жаттықтыратын оралдық клубтың қай командалармен кездесетіні белгілі болды. 22 ақпан күні «Ақжайық» Арменияның төрт дүркін чемпионы «Ширакпен» алаңға шығады. Содан кейін 25-інде «Ертіс» (Қазақстан), 28-інде «Слога Македония» (Македония), 2 наурызда «Гомель» (Беларусь), 6 наурызда «Днепр» (Украина) командаларымен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» жаңа ойыншымен толығып, қос шетелдік футболшы командада қалған болатын.

Соңғы жаңалықтар