+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футбол: «Ақжайық» сырт алаңда «Қызылжардан» басым түсті

2021 жылғы 18 маусым 20:15
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақжайық» сырт алаңда «Қызылжардан» басым түсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турында Петропавлда жергілікті «Қызылжар» Оралдың «Ақжайық» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Конференция лигасында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды UEFA Конференция лигасы: «Шахтер» румыниялық клубқа есе жіберді UEFA Конференция лигасы: «Астана» алғашқы кездесуде «Аристен» басым түсті

Осының алдында үш рет қатарынан жеңіліс тапқан «Ақжайық» қалайда жанкүйерлерінің көңілінен шығуға тырысып бақты.

Бір жақсысы, жарақатынан айыққан украиналық қақпашы Сергей Литовченко қайтып оралды.

Бірінші таймда қос команда пәлендей өнер көрсете алған жоқ.

Екінші таймда 50-минутта оралдық Иван Антипов есеп ашты - 1:0. Бұдан кейін командалар қанша шабуылға шығып көргенмен, есеп өзгерген жоқ.

Бірінші айналымда Оралда «Қызылжар» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. «Ақжайық» соның есесін қайырды.

Украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері 24 ұпаймен турнир кестесінде төртінші орынға қайта көтерілді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» өз алаңында «Ордабасыға» есе жібергенін жазған болатынбыз.


Суреттер: Айбатыр Нұраш.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT