Футбол: «Ақжайық» Сербияның командасымен кездесті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Түркияда жаңа маусымға дайындалып жатқан Оралдың «Ақжайығы» төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оралдықтар Сербияның «Динамо» (Вранье) командасымен алаңға шықты. «Динамо» - өз еліндегі бірінші лигадан суперлигаға шыққан клуб.

«Ақжайықтың» бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр кейбір ойыншыларды орындарын ауыстырып, қарады. Яғни, басты мақсат - нәтиже емес, футболшыларды сынап көру. Соған байланысты команда құрамы нақтыланатын болады. Бұл байқау ойынында «Динамо» командасы 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Мұның алдында «Ақжайық» армениялық «Бананцпен» (Ереван) 1:1 есебімен тең ойнаса, «Дьер ЭТО» (Венгрия) және Сталь Мелец» (Польша) командаларына 0:1 есебімен есе жіберген болатын.

Еске сала кетейік, футболдан премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Ақжайықтың» Түркиядағы екінші жаттығу жиыны 1 наурызда мәреге жетеді.

Биылғы біріншіліктегі алғашқы ойынын оралдықтар 11 наурыз күні Астанада ел чемпионымен өткізеді. Содан кейін 17 наурызда Қызылордада «Қайсармен» ойнайды. Өз алаңында 31 наурызда Павлодардың «Ертісін» қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар