+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Футбол: «Ақжайық» пен «Тараз» тең тарқасты

2019 жылғы 15 қараша 17:25
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақжайық» пен «Тараз» тең тарқасты

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Премьер-лига жолдамасы үшін матчта «Ақжайық» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды Украинадан басым түсті Футболдан Еуропа чемпионаты: Австрия Солтүстік Македонияны үшінші мәрте жеңді Футболдан ҚР чемпионаты: «Астана» мен «Тобыл» тең түсіп, «Қайрат» жеңіске жетті

Премьер-лига командалары арасындағы биылғы ел чемпионатында тараздықтар оныншы орынға тұрақтаған еді.

Ал оралдықтар бірінші лигада үшінші орынға ие болып, қола жүлдегері атанды.

Премьер-лигада көш соңында қалған «Ақтөбе» мен «Атырау» бірінші топқа түсіп қалса, алдағы жылғы маусымда олардың орнын Петропавлдың «Қызылжары» мен Ақтаудың «Каспийі» басады. Ал тағы бір жолдаманы «Тараз» бен «Ақжайық» сарапқа салып отыр.

Тартысты өткен кездесу барысында алаң иелері қарсылас қақпасына бір доп енгізгенімен, ол ойыннан тыс қалды деген себеппен есептелмеді.

Осылайша бәсеке 0:0 есебімен тең аяқталды.

Енді жолдама тағдыры 18 қараша күні Таразда өтетін қарымта матчта шешіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT