+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Футбол: «Ақжайық» өз алаңында «Ордабасыға» есе жіберді

2021 жылғы 12 маусым 23:31
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақжайық» өз алаңында «Ордабасыға» есе жіберді

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының 15-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Каспий» ФК маусымның соңына дейін өз алаңында көрерменсіз ойнайды Головкин күзге жоспарланған айқасынан айырылып қалды Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан ширек финалға жолдама алды

Оралдықтар осыған дейін қатарынан екі матчта жеңіліс тауып, жағдайын қиындатып алған еді.

Шымкенттіктер де соңғы жеті турда жеңіс дәмін татпағандықтан, қос командаға да үш ұпай ауадай қажет болатын.

Бірінші таймда «Ақжайық» сапындағы украиналық шабуылшы Николай Ковталюк екі мәрте ұрымтал сәтті мүлт жіберді. Ойын соңына таман оның орнына шыққан ресейлік Дмитрий Мичуренков та түк бітіре алған жоқ. Есесіне 92-минутта «Ордабасының» сұрмергені, бразилиялық Жоао Паулоның алыстан тепкен добы «Ақжайықтың» қақпасынан бір шықты.


Осылайша соңғы бес кездесуде тең ойнаған қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші айналымда да Шымкентте алаң иелері ұтылып жатып, қосымша минуттарда екі гол соғып, оралдықтарды қапы қалдырған еді.

Турнир кестесінде алтыншы орынға сырғыған «Ақжайық» соңғы үш матчта қарсыластар қақпасының кілтін таба алмай келеді. Бұл шабуыл шебінде ұрымтал сәтте матч тағдырын шешіп кететін Жоао Паулодай шебер футболшының жоқтығын көрсетеді.

Украиналық маман Владимир Мазярдың шәкірттері келесі ойынын 18 маусым күні Петропавлда жергілікті «Қызылжармен» өткізеді.


ФОТО: Айбатыр Нұраш
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT