ФУТБОЛ: «Ақжайық» оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымға дайындығын пысықтау мақсатында Түркияға аттанды.

«Ақжайық» футбол клубының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, батысқазақстандық клуб Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп, өз құрамын нақтыламақ. Команданы бұрынғыша өткен жылы Оралға келген Сергей Волгин баптайды. Басты мақсат - премьер-лигаға қайта оралу. «Ақжайыққа» негізінен жергілікті ойыншылар тартылмақ, сонымен қатар жаңадан келгендер де оқу-жаттығу жиыны барысында сыннан өтетін болады.

«Ақжайық» футбол клубы жаңа маусымда өз эмблемасын өзгертуді жөн санап отыр. Осы мақсатта байқау жарияланды. Конкурстық жұмыстар бір ай бойы іріктеліп, жеңімпаз анықталмақ.

Соңғы жаңалықтар