+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Футбол: «Ақжайық» командасына бас бапкер тағайындалды

2021 жылғы 13 қаңтар 16:53
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақжайық» командасына бас бапкер тағайындалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Украиналық маман Владимир Мазяр «Ақжайық» командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалына шықты Қазақстандық тағы үш боксшы Сербиядағы турнирде финалға шықты Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевқа» есе жіберді

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, В.Мазяр бұдан бұрын да команданы жаттықтырған болатын.

2018 жылғы маусымда украиналық маман бас бапкер болған кезде «Ақжайық» премьер-лигада тоғызыншы турдан кейін алтыншы орында тұрған еді.

В.Мазярдың ойыншы ретінде де тәжірибесі мол. Спорттық жолында түрлі командаларда 300-ден астам матч өткізген шабуылшы 79 гол соқты. Украина, содан кейін Әзербайжан чемпионаттарында өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді.

Өз елінде 43 жастағы маман «Сталь» (Днепродзержинск), «Верес» (Ровно), «Рух» (Винники), «Полесье» (Житомир) командаларын жаттықтырды. Өз клубтарының шеберлігін арттырып, екінші лигадан біріншіге, бірінші топтан Украинаның премьер-лигасына алып шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» премьер-лигаға қайтып оралғанын, түркістандық «Арыс» клубының да қосылғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT