+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Футбол: «Ақжайық» ел чемпионатын жеңіспен бастады

2020 жылғы 16 қыркүйек 22:02
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақжайық» ел чемпионатын жеңіспен бастады

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бірінші лигада ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» біріншілікті жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ҚПЛ: «Тобыл» турнир кестесінде екінші орынға көтерілді ҚПЛ: «Қайрат» «Астанадан» тоғыз ұпайға ұзап кетті 18 жастағы қазақстандық футболшы Беларусьтің жоғары дивизион клубына ауысты

Биыл коронавирус індетіне байланысты кейінге шегерілген бірінші лига екі конференцияға бөлініп, 15 қыркүйекте ғана басталды.

Екінші конференцияға түскен оралдықтар Талғарда алғашқы ойынын СДЮСШОР №8 клубымен өткізді.

Өткен жылы екінші лига жеңімпазы атанған елордалық команда оңай шағылатын жаңғақ еместігін көрсетті. Тек 77-минутта қорғаушы Асхат Ермекұлы өз қақпасына гол соғып алды. Есеп – 1:0, «Ақжайықтың» пайдасында.

Оралдық бапкер Артур Авакянц жаттықтыратын батысқазақстандықтар келесі бәсекесін 21 қыркүйекте «Жетісу-2» (Талдықорған) командасымен өткізеді.

Екінші конференцияда сондай-ақ «Атырау», «Қайрат-Жастар», «Академия Оңтүстік», «Шахтер-Болат» ойыншылары бақ сынайды.

«Ақжайық» футбол клубының директоры Азамат Шайхының айтуынша, биыл да оралдықтар премьер-лигаға оралу үшін барын салады. Басты қарсылас – легионерлермен, өзге де белді футболшылармен жасақталған «Атырау» командасы.

«Ақжайық» биыл негізінен жергілікті ойыншыларға үміт артып отыр. Бәрін де алдағы матчтар көрсетеді», деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Шайхы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бірінші лига ойындары басталғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT