Футбол: «Ақжайық» «Астананы» ойсырата ұтты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасында «Ақжайық» П.Атоян атындағы стадионда ел чемпионы «Астананы» қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ХХІІ турдың алға ысырылған ойыны болатын. Ел біріншілігінде жекедара көш бастап келе жатқан астаналықтардың бәсі жоғары екендігі түсінікті еді. Дегенмен жасыл алаңда небір күтпеген жағдай болатындығын осы кездесу көрсетті.

null«Ақжайықтың» бас бапкері міндетін атқарушы Артур Авакянц чемпионаттың сұрмергені, украиналық Адеринсола Хабиб Эсеоланы бірден алаңға шығарған жоқ. Есесіне Украина елінің тағы бір өкілі, талай жыл Львовтың «Карпаты» командасының намысын қорғаған жартылай қорғаушы Игорь Худобяк 4-минутта Александр Мокин қорғаған қақпа бұрышын баспен дәл көздеді.

nullЕлордалықтар шабуылдап баққанымен, «Ақжайықтың» қақпашысы Сергей Ткачук бастаған ойыншылар сәтті қорғана білді. Екінші таймда елордалық қорғаушылардың қателігінен кейін сенегалдық шабуылшы Малик Мане есепті 2:0-ге жеткізді.

null«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян сербиялық және ганалық шабуылшылар Джордже Деспотович пен Патрик Твумасиді ойынға қосқанымен, одан көп ештеңе өзгерген жоқ. Керісінше Иван Антиповтың орнына Эсеола шыққан бойда Мане екеуі алға ұмтылды. Әйтсе де Маненің тепкен добы қақпадан қиыс кетті. Дегенмен 86-минутта Эсеола биылғы біріншіліктегі өзінің сегізінші голын соқты.

Осылайша «Ақжайық» күтпеген жерден «Астананы» ірі есеппен ұтып кетті.

Елордалықтар 31 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келе жатқанымен, олардан алматылық "Қайраттың" екі ойыны кем. Қазір 26 ұпаймен екінші орында тұрған алматылықтар сол қос кездесуін сәтті өткізсе, астаналықтарды қуып жетеді. Ал 16 ұпай жинаған оралдықтар бесінші орынға көтерілді.

Еске сала кетейік, ХІІ турда 27 мамыр, жексенбі күні «Астана» - «Жетісу», «Ақжайық» - «Қайсар», «Ақтөбе» - «Ертіс», «Атырау» - «Қайрат», «Қызылжар» - «Ордабасы», «Шахтер» - «Тобыл» ойындары өтеді.

Соңғы жаңалықтар