+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Футбол: «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті

2021 жылғы 9 сәуір 21:13
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақтөбе» мен «Ордабасы» 4:4 есебімен тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі төртінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін финалға шыққан командалар анықталады Ақтөбеде жабық базарлар ішкі тәртіпке сай жұмысын қайта жандандырды Футболдан Чемпиондар лигасы: Финалға жолдама алған 2 команда анықталды

Бүгінгі соңғы кездесуде Алматы қаласындағы «Жас қыран» стадионында «Ақтөбе» мен Шымкенттің «Ордабасы» командалары шеберлік байқасты. Бұл ойында барлығы сегіз гол соғылды. Шымкенттік клуб қатарынан Темірлан Ерланов 12 Жоао Паоло 36, 74, Сергеу Хижниченко 92-минуттарда мергендік танытты. Оған «Ақтөбе» құрамынан Игорь Сергеев 27, Еркебұлан Нұрғалиев 43, Рифат Нұрмұғамет 86, Михал Йерабек 94-минуттарда соққан голдарымен жауап қайырды. Осылайша кездесуде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Тағы бір кездесуде Қызылордада жергілікті «Қайсар» Ақтаудың «Каспий» клубын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Алдымен ақтаулық командадан Руслан Мингазов 26-минутта есеп ашты. Ал екінші кезеңде қызылордалық клубтан Каролис Лаукжемис 47, Шоқан Абзалов 81-минутта көздеген нысадан мүлт кеткен жоқ.

Сондай-ақ, бүгін өз алаңында «Тараз» Қарағандының «Шахтерін» 4:0 есебімен тізе бүктірсе, Оралдың «Ақжайығы» Петропавлдың «Қызылжарына» 0:1 есебімен есе жіберді.

Ертең 10 сәуірде Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» мен Қостанайдың «Тобыл» клубтары кездессе, Алматыда «Қайрат» пен Түркістанның «Тұран» клубтары ойнайды. Аталған турдағы соңғы ойын 19.00-де елордада «Астана» мен «Атырау» арасында болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT