+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футбол: «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті

2021 жылғы 5 мамыр 23:47
Бөлісіңіз:
Футбол: «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан «Ақтөбе» клубының бас бапкері, белоруссиялық маман Алексей Бага қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайрат» қатарынан екінші мәрте жеңілді Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін үшінші тур ойындары басталады UEFA Конференция лигасында «Тобыл» Хорватияның «Хайдук» клубынан жеңіліп қалды

«Ақтөбе» футбол клубы мәлім еткеніндей, тараптар өзара осындай шешімге келген.

Футболдан Қазақстан чемпионатының оныншы турында Талдықорғанда «Жетісумен» өтетін ойында бас бапкер міндетін Владимир Зеленовский атқаратын болатын. Ол бірінші лигада да осындай қызметті уақытша қолға алған еді.

Ел біріншілігінде төрт тур қатарынан жеңіліске ұшыраған ақтөбеліктер турнир кестесінде 9 ұпаймен оныншы орында келеді.

Сонымен қатар «Ақтөбе» футбол клубы белгілі қазақстандық аяқдоп шебері Юрий Логвиненкомен келісімшартқа қол қойылғанын жария етті.

Осылайша Ақтөбе футболының түлегі Ю.Логвиненко өз командасына қайта оралып отыр. Ол Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 49 матч өткізіп, 5 гол соқты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ковталюктың үш добы «Ақжайыққа» жеңіс әпергенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT