Футбол: «Ақсу» «Мақтаралдан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 4-турында «Ақсу» «Мақтаралдан» басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда да биылғы доп додасын сәтсіз бастады. Алғашқы екі турда «Ақсу» небәрі бір ұпай жинаса, «Мақтаралдың» қоржыны бос болды.

Бүгінгі кездесу барысында павлодарлық клуб ойынды белсенді бастаған еді. Дегенмен уақыт өткеннен кейін командалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осындай сәттердің бірінде «Мақтарал» шабуылшысы Петрос Аветисян 22-минутта мергендік танытты. Бірінші кезеңде есепті өзгертетін бірнеше сәт болған еді. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Екінші кезеңде павлодарлық клуб белсенділігін арттырды. Нәтижесінде Тони Сильва 51, Мирас Тұрылбек 71-минуттарда гол соқты.

Осылайша «Ақсу» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық «Қайсар» сырт алаңда ақатулық «Каспийден» басым түсті.

Сондай-ақ, тағы бір ойында «Шахтер» пен «Қайрат» тең түсті.

Ал 2 сәуірде «Жетісу» мен «Тобыл», «Ақтөбе» мен «Қызылжар», «Атырау» мен «Оқжетпес», «Астана» мен «Ордабасы» ойнайды.

Соңғы жаңалықтар