+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Түркияда өтуі мүмкін

2018 жылғы 26 қыркүйек 20:24
Бөлісіңіз:
Футбол: 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Түркияда өтуі мүмкін

ЫСТАНБҰЛ. ҚазАқпарат - Түркия 2024 жылғы футболдан өтетін Еуропа чемпионатын қабылдауға ниетті. Бұл жөнінде Анадолы агенттігіне УЕФА директорлар кеңесінің мүшесі және Түркия Футбол федерациясы басшысының орынбасары Сервет Ярдымджи мәлім етті.

«Түркияның футболдан Еуропа чемпионатын қабылдайтын уақыты келді. УЕФА Түркияның кандидатурасын мақұлдайды деп сенеміз», - деді Ярдымджи.

Оның айтуынша, Түркия Футболдан ЕЧ-ға төртінші рет өтініш тастаған.

«Дәстүрді өзгертетін уақыт келді. Еуропа чемпионатын Еуропа елдерінің бірі емес, Түркия қабылдауы тиіс. Түркияның стадиондары Германиядағыдан да жаңа. Матчтар 10 стадионда өтеді, олардың сегізі әлдеқашан дайын болған. Түркия аумағында жанкүйерлер үшін көліктер тегін болады. УЕФА Германияға қарағанда, Түркиядан көбірек қаражат түсіреді», - деді Ярдымджи.

Бейсенбі, 27 қыркүйекте УЕФА-ның Атқарушы комитеті ЕУРО-2024-ті қабылдайтын елді таңдайды. Үміткерлер арасында тек екі мемлекет қана бар. Германияның Футбол одағы мен Түркияның Футбол федерациясы 2018 жылғы сәуір айында турнирді өткізуге өтініш білдірген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT