Футбол: 2022 жылғы әлем чемпионатының Еуропада іріктеу сатысы басталады

None
None
НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - 24 наурызда 2022 жылғы әлем чемпионатына Еуропа құрлығы бойынша іріктеу сатысы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан аталған доп додасының іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия құрамалары.

Қазақстандық футболшылар бүгінгі ойын күнінде ешқандай құрамамен кездеспейді. Топтағы өзге құрамалар өзара шеберлік байқасады. Өз алаңында Франция Украинаны қабылдаса, Финляндия Босния және Герцоговинамен күш сынасады.

Ал Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын 28 наурызда елордада Францияға қарсы өткізеді. Одан кейін 31 наурызда сырт алаңда Украинамен жасыл алаңға шығады.

Еуропа құрлығында 55 құрама 11 топқа бөлінген. Әрбір топта алғашқы екі орынға ие болған құрамалар әлем чемпионатының финалдық сатысына тікелей жолдама алады. Іріктеу кезеңі биылғы жылдың 16 қарашасында мәреге жетеді.

Дүбірлі доданың финалдық сатысы 2022 жылдың 21 қарашасы мен 18 желтоқсаны аралығында Катарда өтеді.


Соңғы жаңалықтар