«Фукусима-1» АЭС бұрынғы басшысы қатерлі ісіктен көз жұмды

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Жапонияда «Фукусима-1» АЭС бұрынғы басшысы Масао Есида көз жұмды. Оның өліміне қатерлі ісікпен ауру себеп болды, деп хабарлайды РБК.

Бұл қайғылы оқиға туралы жариялаған Tokyo Electric Power Co компаниясы М.Есиданың ауруы радиациялық сәулемен байланысты емес екенін атап айтты.

2011 жылғы наурыздағы апаттан кейін М.Есида ұдайы "Фукусима-1"-де болғаны атап айтылады. Ол барлық апаттық-қалыпқа келтіру жұмыстарын өзі басқарған. Ал қызметінен оқиға айтарлықтай тұрақтанған кезде, желтоқсанда кеткен. Сол кездің өзінде ол қатты ауырған.

Жапониядағы АЭС-тегі апат 2011 жылғы 11 наурызда қатты жер сілкінуден кейін орын алғанын еске саламыз. Электр станциясының энергия блогы қатты зақымданған болатын, радиоактивті сұйықтықтың бір бөлігі теңізге түскен. АЭС айналасында шеттету аймағын құруға тура келді.

Соңғы жаңалықтар