Fujairah Open турнирінде қазақстандық таеквондошылар 4 жас санатында сынға түседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Fujairah Open турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат еліміздің таеквондо федерациясына сілтеме жасап.

5 ақпан күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында таеквондодан халықаралық Fujairah Open турнирі басталады.

Осымен оныншы рет ұйымдастырылатын аламанға әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар қатысады.

Ал қазақстандық таеквондошылар төрт жас деңгейі бойынша сынға түседі.

8-11 жас аралығы – 260 спортшы.

Жасөспірімдер – 323 спортшы.

Жастар – 308 спортшы.

Ересектер – 431 спортшы.

Халықаралық дода 8 ақпанға дейін жалғасады.


Фото: instagram.com/kz_taekwondo_federation




Соңғы жаңалықтар