Фристайл-могул: Анастасия Городко Еуропа кубогының кезеңінде алтын жүлдегер атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Финляндияның Тайвалкоски қаласында фристайл-могулдан Еуропа кубогының кезеңі жалғасуда. Бірінші жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын жүлде түсті деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандық Анастасия Городко 69.70 ұпай жинап, алтын жүлдегер атанды.

Екінші орында - франциялық Камилла Каброль, үшінші сатыда - ресейлік Анна Герасимова.

Бүгін параллельді могулдан жеңімпаздар анықталады.


Соңғы жаңалықтар