Фристайл-акробатикадан Әлем кубогінде Жанбота Алдабергенова алтыншы болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің кезеңі өтті. Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтижені Жанбота Алдабергенова көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, Ж.Алдабергенова өнерін 6-орында аяқтады.

Ұлттық құраманың тағы бір мүшесі – Аяна Жолдас тоғызыншы нәтиже көрсетті.

Жеңіс Аустралия спортшысы Лаура пилге бұйырды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Шымбұлақ» тау-шаңғы базасында фристайлдан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық Павел Колмаков күміс жүлдегер атанған болатын.


Соңғы жаңалықтар