Фрилансер қызметіне қай салаларда сұраныс бар

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде қай салаларда фрилансер қызметіне сұраныс бар? Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановская мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде фриланс қызметі әлемде трендке айналып үлгерді. Уақыт санап оған сұраныс артып келеді. Себебі, жұмыс беруші үшін фрилансер қызметі ыңғайлы. Уақытша жұмыс үшін штатқа маман алып, оны рәсімдеудің қажеті жоқ. Біз бұл салаға да талдау жүргіздік. Бүгінде фрилансерлер заң бойынша жеке табыс салығын төлеп, зейнетақы қорына жарна аударады. Сонымен қатар, олар әлеуметтік аударым жасайды», - деді Александра Молчановская «Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама» атты онлайн-конференцияда.

Министрлік өкілінің айтуынша, былтыр елімізде 1 млн астам адам фрилансер болып жұмыс істеген.

«Оның ішінде 208 мың адам үшін фриланс басты табыс көзі болған. Ал, 820 мың отандасымыз фриланстан басқа жұмысты қоса алып жүрген. Елімізде фрилансерлердің орташа жалақысы – 256 124 теңге. Аталған қызмет, әсіресе білім беру, сауда, мемлекеттік басқару және әлеуметтік қамту саласында жиі қолданылады», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар