Freedom Support: күштік құрылымда қызмет етіп, қаза тапқандардың балаларына ай сайын 200 мың теңге төленеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 маусым күні әлемнің 60-тан астам елі, оның ішінде Қазақстан да Халықаралық балаларды қорғау күнін атап өтеді. Бейбіт уақытта бұл мереке сыйлықтармен, саябақтармен, концерт және басқа да ойын-сауықтармен еске түседі.

Алайда, бұл күннің негізгі мәні – әр баланың заңды құқықтарын, соның ішінде өмір, денсаулық, білім, отбасылық әл-ауқат, зорлық-зомбылық пен қылмыстан қорғау құқығы болуы қажет.

Freedom Life сақтандыру компаниясы күштік құрылымдарда қызмет еткен және 2022 жылдың қаңтар айында қаза тапқандардың балаларына қандай қолдау көрсетіп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мерекелік іс-шаралардан бөлек, 1 маусымда қоғамның әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарындағы балаларға көмектесу әдетке айналған. Мемлекеттік және жеке құрылымдар мамандар кездесуін өткізеді, онда қоғамдағы өзекті сын-қатерден қорғау және мұқтаж жандарға көмек көрсету мәселелері шешіледі.

Freedom Life Өмірді сақтандыру компаниясы 2022 жылдың қаңтар айындағы оқиғаларда қаза тапқан құқық қорғау органдары қызметкерлерінің балаларын қолдау мәселесін шешуге ерекше мән берді. Олар өз өмірін қиып, бейбіт тұрғындарды тонаушылар мен террористерден қорғады, ал өз отбасылары асыраушысыз қалды.

«Қаза тапқан қауіпсіздік қызметкерлерінің балаларына көмектесу мақсатында Freedom Life компаниясы Freedom Support ерікті жедел аннуитеттік сақтандыру бағдарламасын іске қосты. Қайғылы жағдай болған сәттен бастап, компания ай сайын бағдарлама бойынша балаларға 200 000 теңгеден төлейді және балалар 18 жасқа толғанға дейін төлем жүргізуді жалғастырады. Осы бағдарлама бойынша шарттардың соңына қарай барлық төлем сомасы шамамен 400 млн теңгені құрайды. Компания тұрақты төлем жасайтын тұрғындар арасында сәби кезінде әке қолдауынан айырылған сәбилердің аналары бар, ең кішісі 3 айлық баламен қалғандар бар. 18 жасқа толғаннан кейін Freedom Life шарттың барлық қолданылу кезеңі үшін төлейтін сома 42 600 000 теңгені құрайды», - деп түсіндірді Freedom Life сақтандыру компаниясы.

Күш құрылымдарының қызметкері, 25 жасында қайтыс болған Ғабдулла Смайылқановтың әйелі Назым Смайылқанова екі баласымен жесір қалған.

«Біздің екі баламыз бар, қызымыз алты жаста, ұлымыз бір жас, екі айға толды. Отбасымызда қайғы-қасірет болып, енді өмір оңалмастай болып көрінгенде сақтандыру компаниясының өкілдері қоңырау шалды. Басында мұндай үлкен сомада көмек алатыныма, балалар кәмелет жасқа толғанша жылдар бойы төленетініне сенбедім. Кейінірек компанияның қызметімен аздап танысқанымда сенуге болатынын түсіндім. Компания біздің балаларымыздың болашағына үміт береді, ол үшін үлкен алғысымды айтамын», - дейді Назым Смайылқанова.

Тағы бір қайтыс болған полиция лейтенанты Дархан Барғанаевтың жұбайы Жансая Барғанаева отбасының жалғыз асыраушысынан айырылғанын айтты.

«Біздің де екі қызымыз бар, үлкені 3,5 жаста, кішісі – 2,2 жаста. Жұбайымнан айырылғанда балаларды ешнәрсеге мұқтаж болмайтындай етіп қалай тәрбиелеу керектігін түсінбедім. Өйткені, біздің үйдегі басты асыраушы күйеуім еді. Компания қызметкерлері бізге 200 мың теңгеден ай сайын төлем жасайтынын айтқанда күйеуім қайтыс болса да, сақтандыру компаниясы арқылы қамқорлығын тоқтатпағанын түсіндім. Аннуитеттік төлемдер бойынша осы жобаны ұйымдастырған компания басшылығына алғысымды білдіремін. Әрине, ақша біздің қайғымыздың орнын толтыра алмайды, бірақ балаларымыздың болашағын құруға көп көмектеседі», - деді Жансая Барғанаева.

«Өмірді сақтандыру компаниясы күтпеген және қайғылы жағдайларда өмірдің толық қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Бірақ біз негізгі асыраушысынан айырылған жақын туыстарға қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ете аламыз. Мәселен, қорғансыз қалған кішкентай балалары бар әйелдер балаларын тәрбиелеп, қажетті заттармен қамтамасыз етуі керек. Сондықтан, біз өз тарапымыздан балалардың өмірі мен денсаулығын қаржылай қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламаны әзірлеп, іске қостық», - деп атап өтті Freedom Life ӨСК Басқарма төрағасы Азамат Ердесов.


Соңғы жаңалықтар