Фредди Роуч: «Головкинді өткен жылдың үздік боксшысы деп санаймын»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал жаттықтырушы Фредди Роуч Fighthype.com-ға берген сұхбатында өткен 2015 жылдың үздік боксшысы деп кімді санайтынын атады, деп хабарлайды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобынан.

- Жылдың үздік боксшысы кім? Жұрттың пікірінше,Тайсон Фьюри, Флойд Мейвезер...

- Тайсон Фьюри? Ол кәрі Кличконы ұрып тастады. Иә, Фьюри жеңді және оған лайықты баға беріп отырмын, бірақ мен оны жылдың үздік боксшысы деп ойламаймын.

- Канело, Головкин, Флойд, Чоколатито бар...

- Маған Головкин қатты ұнайды. Ол өте жақсы және ақылды боксшы, ол рингте орынды жақсы ауыстыра біледі, өз-өзін ұстай алады. Мен оның Канеломен жекпе-жегін көргім келеді. Мен оны (жылдың үздік боксшысы атағына) таңдаймын, ол маған ұнайды, меніңше, ол жылды табысты өткізген.

Соңғы жаңалықтар