Фредди Меркьюриді сомдаған Рами Малик «Үздік актер» аталымында «Оскар» алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фредди Меркьюриді сомдаған Рами Малик «Үздік актер» аталымында «Оскар» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC телеарнасына сілтеме жасап.

«Богемиялық рапсодия» фильмінде Фредди Меркьюридің рөлін сомдаған Рами Малик «Үздік актер» аталымы бойынша «Оскар» сыйлығының иегері атанды. Ал, «Үздік фильм» аталымында «Жасыл кітап» фильміне «Оскар» сыйлығы берілді.

«Фаворит» фильміндегі рөлі үшін Оливия Колман «Үздік актриса» атанды.
null

«Үздік мультипликациялық фильм» аталымында «Оскар» сыйлығы «Өрмекші-адам: Өрмекшілер әлемінде» фильміне берілді.

«Шет тіліндегі үздік фильм» аталымында «Рома» картинасы жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Американың Лос-Анджелес қаласында «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі өтіп жатқанын хабарлаған едік.

null

null

Фото: oscar.go.com

Соңғы жаңалықтар