Франсуа Олланд Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global бастамасына қолдау білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның экс-президенті Франсуа Олланд ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың G-Global бастамасына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Президент Назарбаев G-Global мәселесін көтерді, бұл бастама БҰҰ деңгейінде іске асырылып келеді. Атап айтқанда, осы тұғырнама өзіндік тетіктерді құруы тиіс, бұл өз кезегінде бізге аталған мақсатқа жетуге жәрдемдеседі. Сондықтан қандай да бір қосымша құрылымды құру керек пе? Әрине қажет емес. Себебі оның барлығы БҰҰ мен G-Global тұғырнамасы аясында қамтылып отыр», - деді Франсуа Олланд XI Астана экономикалық форумы барысында.

Бұдан бөлек, экс-президент үлкен жиырмалық пен ДСҰ форматына тоқталды.

«Үлкен жиырмалыққа тоқталатын болсам, бұл тұғырнама тек 20 елді ғана қамтып тұр. Дегенменде осы тұғырнама БҰҰ аясында болуы тиіс. Ал ДСҰ да белгілі бір қолдаудың қажеттігін сезініп отыр», - деді Франсуа Олланд. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, АЭФ аясында Франсуа Олланд табиғи ресурстар бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге шақырды. 

Соңғы жаңалықтар