Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Франкфуртте «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтті

2017 жылғы 17 қараша 17:35 535
Бөлісіңіз:
Франкфуртте «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтті

МАЙНДАҒЫ ФРАНКФУРТ. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні Майндағы Франкфуртте «Германиядағы қазақстандық экономика апталығы» аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов Германияның қаржылық орталығында өтіп жатқан Euro Finance Week халықаралық конференциясында қаржы орталығы қызметінің бағыттары және болашағы туралы айтып берді.

«Астана Орталық Азия мен ТМД-дағы халықаралық қаржы орталығына айналуға ұмтылуы қажет. Бар назарын капиал нарықтары, активтерді басқару, жеке банктер, қаржылық қызмет саласындағы технологиялық жобалар, исламдық қаржыландыру және «жасыл қаржы» сынды бірқатар стратегиялық бағыттардың дамуына аударғаны жөн», - деді Келімбетов.

Франкфуртте «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтті

Сонымен бірге, Келімбетов АХҚО базасында Қазақстандағы жаппай жекешелендіру бағдарламасында шешуші рөл атқаратын Астана халықаралық биржасының құрылатынын хабарлады.

«Іс жүзінде биржа мемлекеттік компанияларды, оның ішінде ұлттық мұнай-газ компанияларын, темір жол мен пошталық желі операторларын, әуе тасымалдаушы мен электр қуатын өндірушілерді және әлемдегі ірі уран өндірушіні жекешелендіру бағдарламасына тұғырнама болады», - деп атап өтті АХҚО басшысы.

Келімбетовтің айтуынша, «Жоғары ішкі құны бар сапалы активтер стратегиялық және қаржылық инвесторлардың қызығушылықтарын тудырады».

Франкфуртте «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтті

«Көршілес елдердің ірі капитал иелері де АХҚО өзге ықтимал клиенттері болмақ, себебі ол жаққа Батыс банктері қатаң нормативтік талаптар мен санкцияларға байланысты  кіре алмайды», - деді ол.

Өз кезегінде, Қазақстанның Германиядағы елшісі Болат Нүсіпов қонақтарды елімізде «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» аясында жүріп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. 

«АХҚО құрылуы көпжақты ынтымақтастыққа, қарқынды өсу мен өңірлік қаржы орталықтарының бірігуіне септігін тигізеді», - деп атап өтті қазақстандық дипломат.

Конференцияда Rothschild банкінің бақылау кеңесінің төрағасы Клаус Мангольд сөз сөйлеп, Қазақстанның табыстарына және экономикалық әртараптандыру бойынша жүзеге асырылып жатқан реформалар әлеуетіне жоғары баға берді.

Франкфуртте «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтті

Оның айтуынша, жаһандық дағдарысқа қарамастан Қазақстан экономиканың тұрақты өсімін сақтап қалды және елдің жан-жақты жаңғыруының жаңа саяси бағытын белгіледі.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Аударма:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT