Француздар үш аурудың эпидемиясына қарамастан, маска тағудан бас тартуда

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Франция үкіметінің кеңес бергеніне қарамастан ел тұрғындары қоғамдық көлікте маска тағудан жаппай бас тартуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Францияда грипп, COVID-19 және бронхитке шалдыққандар саны күн санап артып келеді. Әсіресе балалардың науқастануы жиіледі. Вакцинация деңгейі төмен болғандықтан, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесіне жүктеме түсіп отыр.

Франция билігі аталған үш эпидемия аясында және Рождестволық демалыс алдында ұмытыла бастаған қорғану шараларына қайта оралуға шақырды. Кері жағдайда шектеу шаралары міндеттелетінін ескертті.

Ал француздар коронавирус пандемиясы кезіндегі карантиннен шаршап, аталған вируспен өмір сүруді үйренбек.

«Әлеуметтік қашықтық, вакцинация – бұл тәуекелге анағұрлым осал науқастар үшін, бүгін мен осында, Фош ауруханасында кездескен адамдар үшін жеке қорғаныс шарасы. Бұл сондай-ақ ұжымдық жауапкершілік. Біздің денсаулық сақтау жүйесі үлкен қысыммен бетпе-бет келіп отыр, бұл қалалық медицина болсын, ауруханалар болсын. Қазіргі қысылтаяң жағдайда үш эпидемия – бронхиолит, грипп және ковид – жүйеге қауіп төндіріп тұр. Егер жүйе онымен күресе алмаса, барлық науқастар қиын жағдайда қалады», - деді Францияның денсаулық сақтау министрі Франсуа Брон.


Соңғы жаңалықтар