Француздар Шавкат Рахмоновтың өнеріне тәнті болды

None
Фото: sports.kz
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Франция жанкүйерлері UFC аясындағы жекпе-жек кезінде Шавкат Рахмоновтың өнеріне тәнті болды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Француздық La Sueur басылымы Twitter-дегі парақшасында UFC-де өнер көрсеткен қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың батылдығы туралы жазды.

Шавкат Рахмоновтың тосын қимылдарын, ержүректігін UFC көрермені аңыз қылып айтуда.

Америкалық Джефф Нилмен жекпе-жекте Рахмоновтың аузынан қорғаныш құралы ұшып кетіп, ол екі минут бойы қорғанышсыз қарсыласымен айқасқан.

La Sueur осы сәттің видеосын жариялап, көпшіліктің таңданысын білдіреді.

«Бұл жігіт мықты! Джефф Нилмен жекпе-жекте Шавкат Рахмонов екі минуттай қорғаныш құралынсыз күресіп, бірнеше соққы алды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, 5 наурызда Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде Рахмонов үшінші раундта Нилді жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар