Француз зейнеткері күніне $1 жұмсай отырып, 250 елді аралап шыққан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франция тұрғыны Андре Брежере бүгінде 83-те. Ол 17 жасынан саяхаттай бастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол кезде Андренің саяхаттауға ақшасы болмаған, алайда әлемді аралап, оны мекендейтін адамдармен танысуға деген зор құлшынысы тәуекелге бел буғызған.

Сол кезде Андре мынадай ереже ойлап табады – саяхат барысында күніне бір доллардан артық жұмсамау. Осылайша, француз 251 елді аралап, барлығы 400 мың шақырым жол жүрген.

Өзінің алғашқы саяхатын ол Шотландияға жасаған.

- 1955 жылы біздің қолымызда қазіргі туристерде бар дүниелердің ешқайсысы болмады, - дейді француз. – Ешқандай қосымша, ешқандай телефон, тек қағазға түсірілген карта мен компас, және адамдармен тілдесу, сұрақ қою мен сыпайылық таныту қабілеттері болды.

Андре күре жолдарда жолай көліктерге мініп, жылжып отырды. Ол ұшақпен ұшып көрмеген, мейрамханаларда тамақтанбаған, тіпті кей кездері далада түнеген.

- Менің саяхаттарым – менің университеттерім, мен онда өзімді және қоршаған ортаны түсінуді үйрендім, - дейді қарт саяхатшы.


Соңғы жаңалықтар