Француз режиссері Алматыда фильм түсіруді ойлап жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Француз режиссері Ромен Гаврас Алматыда фильм түсіруді ойлап жүргендігін айтты. Еуразия кинофестиваліне қонаққа келген француз режиссерлері Коста Гаврас пен оның ұлы Ромен Гаврасқа мұндай ой Алатаудың баурайын аралаған кезде келген.

«Біз Қазақстанға келгенімізге өте қуаныштымыз. Өкінішке орай, мұнда аз уақытқа келдік. Мен қазір болашақ фильм туралы ойлап отырмын. Түсірілім жұмыстары үшін көрікті пейзаж іздеп жатырмыз. Мен сол пейзажды сіздердің елдеріңізден табатын сияқтымын. Әсіресе таулы аймақтың пейзаждарын Алматыда түсіруіміз мүмкін», - деді Р. Гаврас.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар өздерінің шығармашылық жоспарымен де бөлісті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өтіп жатқан Х Еуразия кинофестивалінің бүгін соңғы күні.

Бес күнге созылған фестивальдің жеңімпаздары бүгін кешке жабылу салтанатында белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар