Француз қызы қазақ тілінен диссертация жазып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісіндегі «Kuan 7777» арнасы Ұлыбританияның Лондон қаласында тұратын француз Надежда Кристофер туралы бейнебаянды жариялады. Докторант Н.Кристофер қазақ тілінің синтаксисіне арналған ғылыми жұмысын жазып жүр. Өзі де қазақ тілін біледі. Бүгінде ол Қазақстанға тағы барсам екен деп, армандап жүр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Астанада тоғыз ай тұрдым. Онда қазақ тілін үйрендім. Меніңше, қазақтар өте қонақжай, жылы, ақылды және қайырымды. Қазақтың әйелдері өте әдемі, ал қазақ жігіттерінің түсінігі мол және салмақты», - дейді ол.

Докторанттың айтуынша, оған жылқы еті, әсіресе, қазақ xалқының ұлттық тағамы - қазақша ет қатты ұнап қалды. Қазақ тілін үйренуге де ол қатты қызықты.

«Қазақ тілі - өте қызықты тіл. Меніңше, қазақ тілі - қиын тіл. Бірақ адам үйренгісі келсе, меңгеруге болады. Қазақ тілі - өте әдемі тіл. Маған қазақтың әдеби тілі өте қатты ұнайды», - деді Надежда.

Соңғы жаңалықтар