Француз фотографы қазақстандық ерекше балаларды фотоөнерге баулыды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Назарбаев орталығында «Жаңа көзқарас» деген атпен сал ауыруына шалдыққан балалар түсірген суреттердің көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып жатқан шараның басты қонағы - француз фотографы Эрик Ваззолер. Танымал фотосуретші 6 апта бойы Шымкент, Теміртау қаласынан жиналған 60 балаға фото өнерінің қыр-сырын үйреткен.

«Қолыма фотоаппарат алғаныма 30 жыл болыпты. Дәл осындай үйірмені Франция, Германия, Польша елдерінде ұйымдастырдық. Ал Қазақстан биыл үшінші рет мүмкіндік берді. Назарбаев орталығы сияқты керемет орында көрмесін өткізу балалар түгіл кәсіпқой фотосуретшілер үшін арман. Барлық әлем бөбектері сияқты қазақстандық бүлдіршіндердің де қоршаған ортаны тануға деген құлшынысы ерекше. Интернетттің иірімі арбаған жаңа дәуірде балалардың қоршаған ортаға көзін ашып қарауы өте маңызды. Менің осы шараға бар құлшыныспен кірісуімнің басты себебі де осы» - дейді Эрик Ваззолер.
null

Көрмеге 20 баланың 45-тен астам суреті қойылды. Өзі түсірген суреттің Нұр-Сұлтан қаласының төрінде қойылатынын естіген теміртаулық Анастасия Кравцова шараға арнайы келіпті.
null

«Мұндай шараның балалармен қатар ата-аналарға да берері көп. Қызым үйірмеден шабыттанып қайтты. Тұңғыш Президент қоры әр балаға фотоаппарат сыйлады. Қызымның қолынан фотоаппарат түспейтін болып алды. Эрик ұстазы сияқты кәсіпқой маман болғысы келіп жүр» - дейді анасы Людмила Кравцова.
null null null null null null null null null

Көрменің ашылуына Франция елшілігінің мәдениет бойынша Атташесі Андре Бэльвер қатысып, жас фотографтарды алғашқы көрмелерімен құттықтады.
null null null null

Соңғы жаңалықтар