Францияның жарты ғасыр бұрын ұшты-күйлі жоғалған сүңгуір кемесі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Франциялық зерттеушілер жарты ғасыр бұрын белгісіз себептермен жоғалып кеткен «Минерва» сүңгуір кемесін тапты, деп хабарлайды Naked Science басылымы.

Енді оның батып кетуіне не себеп болғанын анықтау мүмкіндігі туды.

Дизельді-электрлі «Минерва» сүңгуір кемесі 1968 жылғы 27 қаңтарда Жерорта теңізіне батып кеткен. Сүңгуір апатқа ұшыраған кезде онда 52 адам болған.

Француз ғалымдары мен әскерилері сүңгуір кемені іздеп табудың бар қарекетін жасады. Бірақ осыған дейінгі экспедициялардың бірде-бірі нәтиже берген жоқ. 2019 жылы жаңа миссия қолға алынды. Алдымен Франция әскери-теңіз күштері және Ifremer мұхиттану институты өкілдерінің қатысуымен іздеу жұмыстары жүргізілді. Кейін оларға Американың Ocean Infinity жекеменшік компаниясы қосылды.

Франция қорғаныс министрі Флоранс Парли субмаринаның табылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған заманауи басқарушысыз аппараттардың арқасында қол жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар