Францияның министрі тікелей эфирде қызметінен бас тартты

None
None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның Қоршаған орта министрі Николя Юло France Inter радиосының тікелей эфирінде сұхбат беріп отырып қызметінен бас тартатын мәлім етті. Бұл елдің президенті Эммануэль Макрон үшін де күтпеген шешім еді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Бұрынғы тележүргізуші, экологияны қорғау бойынша белсенді Николя Юло бірқатар экологиялық мәселелердің шешімін табу үшін жасалған әрекеттері сәтсіз болғандықтан министр қызметінен бас тартатындығын мойындады.

Оның айтуынша, климаттың өзгеруіне қарсы күрес шаралары Франция үкіметінің басым бағыттар жөніндегі тізімнің соңғы орнында болғаны көңілін қалдырған.

Юло үкіметтен нақты қолдау көрмегендіктен министрлер кабинетінде өзін жалғыз сезінетінін жеткізді.

Николя Юло доғарысқа кету туралы шешімді кенеттен қабылдаған, ол жайында тіпті әйелі де білмеген.

Оның айтуынша, осы шешімі жөнінде президент Эммануэль Макронға, премьер Эдуард Филипке райынан қайтаруға үгіттейді деп ескертпеген.

Николя Юло - қазір Франция үкіметіндегі ең танымал министрлердің бірі. Оның қызметтен кетуі рейтингі онсызда төмен деңгейдегі Макронға соққы болып тимек.

Доғарысқа кететіні жөнінде шешімін Юло үкімет аңшылық жасауға қатысты шектеулерді босаңсыту жөнінде хабарлағаннан кейін келесі күні жария етті. Еске сала кетсек, Юло қызметінен бас тартқанын мәлім еткен France Inter радиостансасында 1970 жылдары жұмыс істеген. 

Фото: EPA/ETIENNE LAURENT

Соңғы жаңалықтар