08:30, 18 Желтоқсан 2022 | GMT +6
Францияның Лион қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза болды
ПАРИЖ. СИНЬХУА. ҚазАқпарат – Францияның оңтүстік шығысында орналасқан Лион қаласында жұма күні көппәтерлі тұрғын үйде болған өрт салдарынан кемінде 10 адам қаза тапты, оның 5-уі бала.
Аталған ақпаратты жұма күні Рона департаментінің префектурасы растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт Лион қаласының маңындағы Вольс-ан-Велене елді мекеніндегі 8 қабатты тұрғын үйден жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 03:01-де шыққан, деп хабарлады жергілікті әкімшілік өкілдері.
Префектура өкілдері өртпен күреске 170 өрт сөндіруші жұмылдырылғаннын хабарлады.
Өрттің шығу себебін анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.