Францияның Энергетика министрі Smart city Astana жобасымен танысты (ФОТО)

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бірікен Араб Әмірліктерінің астанасында «Тұрақты дамыту апталығының» аясында Бүкіләлемдік болашақ энергетикасы саммиті өтуде

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің Таяу Шығыстағы арнайы тілшісінің хабарлауынша, саммиттің негізгі тақырыбы - ең заманауи технологиялар мен қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға негізделген болашақ энергетикасы.

Қазақстан жыл сайын «Тұрақты даму апталығына» қатысуын жыл сайын кеңейтіп, бұл форумның негізгі қатысушыларымен ынтымақтастықты нығайту үстінде.

Биылғы жылы «Парасат» ғылыми-техникалық холдингі мен Францияның «Enekio» компаниясы «Smart city Astana» жобасына арналған бірлескен стендін ұсынды.

Қазақстандық-франциялық жоба араларында Францияның Энергетика министрі Сеголен Руаяль болған келушілердің жоғары ықыласына ие болғанын атап өту керек.

Қазақстандық холдингтің төрағасы Нұрлан Бектұрғанов пен Enekio вице-президенті Франк Лесюер Франция министріне Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің қарсаңында іске қосылатын жобаның болашағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Ф.Лесюердің айтуынша, Астанадағы «ақылды қала» - Францияның тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл ТМД-ғы алғашқы инновациялық жобасы. Бірлескен ынтымақтастыққа Франция Президенті Ф.Олландтың Астанаға өткен жылдың желтоқсанында жасаған сапары түрткі болған. Мамандардың бағалауынша, франциялық технологиялар Астана тұрғындарына 75 пайызға дейін энергияны үнемдеуге көмектеседі.

Соңғы жаңалықтар