Францияның Елшісі наурыз көже дайындауды үйренді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Филипп Мартинэ Наурыз көже дайындаудан сабақ алды. Сонымен қатар Елші мырза ас дайындау барысында қазақ тілін жетік меңгергенін де аңғартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен осы мейрамға орай наурыз көже әзірлеуді үйренемін. Оны дайындаудың қыр-сырын маған Күлтай ханым көрсетеді», - деп тоқталды Филипп Мартинэ Франция елшілігінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Наурыз көженің дәмін алғаш рет татып тұрғанына тоқталған ол, ұлттық тағам өте дәмді екенін атап өтті.

«Барша Қазақстан халқын жаңа жылмен құттықтаймын! Наурыз әр отбасына бақ пен береке, ырыс пен ынтымақ әкелсін. Жаңа жылда Франция мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық одан ары қарай нығая түссін деп тілеймін», - деді Филипп Мартинэ таза қазақ тіліндегі жеткізген құттықтауында.

Соңғы жаңалықтар