Францияның экс-президенті Николя Саркози аппеляция сотында жеңіліп қалды

None
ПАРИЖ. ҚазАқпарат - Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2021 жылдың наурызында шығарылған үкімге апелляциядан жеңіліп қалды. Ол жемқорлық жасағаны және судьяларды сатып алмақ болғаны үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ол осыдан екі жыл бұрын 3 жылға сотталды, алайда оның екі жылын шартты түрде өтейді.

Париж апелляциялық соты Саркозиді түрмеде отырмай, бір жыл үй қамауында өткізуге үкім шығарды. Сондай-ақ, оның қайда жүргені электрондық браслетпен қадағаланады.

2021 жылдың 1 наурызында сот Саркозиді 2014 жылы тың тыңдау ісі бойынша үш жылға соттауға үкім шығарды.

Ол кезде Саркози мен оның адвокаты Тьерри Эрзог прокурор Жильбер Азиберден тағы бір істің тергеуі бойынша ақпаратты заңсыз жолмен алмақ болғаны үшін кінәлі деп танылған еді.

Ол іс - 2007 жылғы президенттік науқанды L'Oreal негізін қалаушысының қызы Лилиан Беттанкурдың заңсыз қаржыландыруы.

Тергеу мәліметтері бойынша, Саркози мен Эрзог ақпарат алу үшін Монакода лауазымды қызметке уәде етіп, оны орындамаған.

Прокуратурада бұл эпизодты сыбайлас жемқорлықтың көрінісі ретінде қарастырды.

Саркозидің адвокаттары шешімге шағымданды, ал бұл істі сот қарап жатқанда бұрынғы президент бостандықта жүрді.

67 жастағы Саркози Францияның түрмеге жабылған алғашқы бұрынғы президенті болды. Николя Саркози 2007 жылдан бастап бір рет бес жылдық мерзімге президент болып сайланды.

Ол иммиграцияға қарсы қатаң саясат жүргізді және әлемдік қаржы дағдарысынан қатты зардап шеккен Франция экономикасын реформалауға тырысты.


Соңғы жаңалықтар