Францияның Ажен қаласында су басқан көшелерден тұрғындар эвакуацияланып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ажен қаласының билігі мен Ло мен Гаронна (елдің оңтүстік-батысында) департаментінің құтқару қызметі қазіргі уақытта бірнеше көшедегі тұрғындарды эвакуациялап жатыр. Олардың үйлерін толассыз жауған жауын салдарынан су басқан. Бұл туралы BFM телеарнасына қала мэрінің орынбасары Клеманс Браднолен-Робер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта Гаронна мен Мас өзендері арнасынан тасыған жоқ. Су тасқыны бірнеше сағат ішінде жауын-шашынның жаууына және кәріз жүйесінің мұндай көп мөлшердегі суды өткізе алмауына байланысты болды», - деп түсіндірді мэр. Ажендегі «Метео Франс» қызметінің дерегіне сәйкес, екі сағаттың ішінде бір шаршы метрге 130 мм жауын-шашын жауған. Бұл екі айдағы мөлшер. Мұндай жағдай соңғы рет тек 1941 жылы болған.

Ажен қаласында бірнеше кварталдағы су деңгейі бір метрден асады. Үйлердің бірінші қабатын, жертөлелерді, жерастындағы гараждарды, көшедегі автокөліктерді су басып қалған. Қалаған баратын бірнеше тасжол да су астында қалған. Жалпы, Лот-и-Гаронна департаментіндегі бірнеше ауданға 50-150 мм, тіпті 200 мм жауын-шашын түскен.

Айта кетейік, сәрсенбі күні Францияның 32 департаментінде ауа райының қолайсыздығына байланысты «қызғылт сары» деңгей жарияланды.


Соңғы жаңалықтар