Францияның әуе компаниясы банкрот болып, 13 мың жолаушы жолда қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Франциялық Aigle Azur авиакомпаниясы банкроттығын жариялаған соң, 13 000 жолаушы жолда қалды, деп хабарлайды CNN.

Оның 11 000-ы Алжирда, қалғаны өзге мемлекеттерде қалған. Бұл туралы Франция транспорт агенттігінің хатшысы Жан-Батист Джеббари айтты.

Aigle Azur компаниясы өткен жылы 1,9 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Алайда, өткен аптаның жұма күні, кешке қарай банкроттығын жариялап, барлық рейстерін тоқтатқан.

Джеббаридың хабарлауынша, 1150 қызметкер мен 500 экипаж мүшесі жұмыссыз қалды. Ал 13 000 жолаушының 11 000-ы Алжирде, қалғаны Мали, Ливан, Мәскеу және Сенегалда қалып қойған. «Бұл жолаушылардың елге оралуы үшін 3 аптадай уақыт қажет» деді Джеббари.

Aigle Azur авикомпаниясының рейстері Франция-Алжир арасында жұмыс істейтін еді. Қытайлық HNA Group конгломераты - Hainan Airlines иесі,сондай-ақ Aigle Azur компаниясының 49 пайызына ие болатын. Қалған 32 пайызы америкалық кәсіпкер Дэвид Нилеманға, 19 пайызы франциялық бизнесмен Жерар Хуаға тиесілі еді.




Соңғы жаңалықтар