Францияның Атлант мұхиты жағалауында дельфиндер жаппай қырылып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экологтар су жануарларының жаппай қырылуын ауа райы жағдайы мен балық аулаумен байланыстырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Атлант мұхиты жағалауындағы жағажайларда дельфиндердің бірнеше ондаған өлексесі табылды. Соңғы үш күнде Иль-де-Ре жағажайларына кем дегенде он бес кит тәріздіні су шайып шықты.

«Экожүйенің бір бөлігі болып табылатын дельфиндерді жақсы көреміз. Олар біз үшін маңызды. Бұл алғашқы жағдай емес - жағалауда өлі жануарлардың көп болуы қатты алаңдатады», - деді Арс-ан-Ре мэрінің бірінші орынбасары Этьен Кайо.

«Sea Shepherd» экологиялық ұйымының белсенділері Еуроодақтың Францияны жаппай балық аулауды тоқтатуға мәжбүрлейді деген үмітпен дельфиндердің өлекселерін Страсбургтегі Еуропарламент ғимаратының алдына қойды.

Фото: Willy Dabin, Observatoire Pelagis/CNRS/Universite de la Rochelle via AP), apnews.com.


Соңғы жаңалықтар