Франциядағы зейнетақы реформасы: оппозиция үкіметке сенімсіздік вотумын жарияламақ

2023 жылғы 17 наурыз, 14:45
Франциядағы зейнетақы реформасы: оппозиция үкіметке сенімсіздік вотумын жарияламақ Фото: ru.euronews.com

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мыңдаған француз резонанс тудырған зейнетақы реформасының дауысқа салынбастан қабылдануына қарсылық білдіру үшін көшелерге шықты. Шерулер соңы полициямен қақтығыстарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Элизабет Борн үкіметі конституцияның 49.3-бабы негізінде шешім қабылдаған болатын. Бесінші республика тарихында 100-рет қолданылған бұл әдіс заңды Ассамблеяда дауысқа салмай-ақ қабылдауға мүмкіндік береді. Үкімет шешімінің күші сенімсіздік вотумы арқылы ғана жойылады.

Ол 49.3-бап күшіне енгеннен кейін жиырма төрт сағатқа жетпей енгізілуі тиіс. Оппозиция қазірдің өзінде сенімсіздік вотумын ұсынуға ниетті екенін мәлімдеді.

Ал, кәсіподақтар ереуілдер мен шерулерді жалғастыруға шақырды.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar