Франциядағы Шарль де Голльдің қабірін бүлдіруге қатысты бес адам ұсталды

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке Францияда Бесінші республиканың негізін қалаушы және бірінші президенті Шарль де Голльдің (1890-1970) қабірін қорлау ісіне жүргізілген тексеріс нәтижесінде бес адам ұсталды. Бұл жайлы France-Presse (AFP) агенттігі хабарлайды.

Агенттіктің хабарлауынша, олардың екеуі - ер адам мен әйел адам - қазіргі уақытта тұтқынға алынған.

Бұл жайлы елдің премьер-министрі Эдуард Филипп өзінің Туиттердегі парақшасында «Бұл Францияға қарсы әрекет» деп жазды.

Оқиға 27 мамыр күні болды. Белгісіз екеу де Голль және оның әйелі мен қызы жерленген (Коломбе-ле-дёз-Эглиз, Францияның солтүстік шығысындағы Жоғарғы Марна департаменті) зират аумағына кірген.

Қаскүнемдердің бірі де Голльдің қабіріне орнатылған айшықты (крестті) құлатып, жерді талқандаған. 

Соңғы жаңалықтар