Франциядағы саябақта пышақ жарақатынан алты адам зардап шекті

None
Фото: Getty Images
АНСИ. ҚазАқпарат – Францияның шығысындағы Анси қаласында болған шабуыл салдарынан алты адам, оның ішінде төрт бала пышақ жарақатын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Пышақпен қаруланған ер адам таңғы 9:45-те қаладағы көл маңындағы саябақта шамамен үш жасар балаларға шабуыл жасаған. Тәрбиешілерімен бірге таңғы серуенге шыққан
балаларды пышақтағаннан кейін егде жастағы адамды да жарақаттады. Қашпақ болған кезде өзі де аяғынан жарақат алып, тұтқындалды.
Франция Ішкі істер министрі Жеральд Дарманен шабуыл жасаған адам қауіпсіздік күштерінің жедел әрекетінің арқасында қамауға алынғанын мәлімдеді.
Франция президенті балалар мен егде жастағы адам өлім мен өмір арасында жатқанын айтты.
BFMTV телеарнасы мен AFP агенттігінің полициядағы дереккөздерге сілтеген мәліметі бойынша, ер адам Франциядан пана іздеп жүрген сириялық босқын екенін айтқан. Басқа деректер бойынша, ол Швециядан пана тауып қойған.
Шабуыл жасаған адамның кім екені әлі тексеріліп жатыр және нақтыланған жоқ.
Оқиға орнына Франция премьер-министрі Элизабет Борн барды. Франциядағы ұлттық жиын осы оқиғаға байланысты бір минут үнсіздікпен басталды.


Соңғы жаңалықтар