Франциядағы парламенттік сайлауда дауыс бергендер саны түстен кейін 18% жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияда өтіп жатқан парламенттік сайлаудың екінші кезеңінде дауыс беруге келіп жатқан азаматтардың саны тым аз болды, деп хабарлайды Gazeta.ru Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Сағат 12-00-де (Астана уақытымен 16-00-де) сайлауда сайлаушылардың тек 17,75 пайызы ғана дауыс берген.

2012 жылы осы кезеңде дауыс берген сайлаушылар саны 21,41 процент болған ал, 2007 жылы бұл көрсеткіш 22,89-ды құрады.

ІІМ-нің мәліметтерінше, 2017 жылғы сайлаушылардың келу көрсеткіші соңғы 20 жылдағы ең төменгі болып тіркелген.

Айта кетейік, бүгін Францияды парламент сайлауының екінші кезеңі басталды.

Соңғы жаңалықтар