Франциядағы ислам көшбасшысы елдегі мешіттер санын арттыруды талап етуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франциядағы ислам кеңесінің көшбасшысы және Париждегі мешіттің имамы Далиль Бубакер елдің билік көздерінен мешіттер санын екі жылдың ішінде екі есеге арттыруды талап етіп отыр.

Франция мұсылмандары діни көшбасшысының айтуынша, бүгінде жұмыс істеп тұрған 2200 мешіт елдегі ислам дінін ұстанатындар үшін тым аз.

Далиль Бубакер бұл мәлімдемесін Ле-Буржеде өтіп жатқан Франциядағы ислам ұйымдары одағының жыл сайын өтетін конференциясында жасады.

Франция Еуропа елдерінің арасында мұсылман тұрғындарының саны ең көп ел болып табылады: мұнда ислам дінін ұстанатын шамамен 5-6 млн. адам бар.

Соңғы жаңалықтар