Францияда жүк көлігінен бір тоннаға жуық есірткі табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Францияның шығысында Изер департаменті кеденінің қызметкерлері жүк көлігінен 933 келіден астам гашиш есірткісін тапты. Жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды France Bleu радиостансасы.

Аса көлемді есірткі тиелген жүк көлігінің жұма күні Вьен және Ревантен-Вогри коммуналарын жалғастырып жатқан ақылы жолда ұсталғаны атап өтіледі.

Кеденшілер A7 автомагистралінде солтүстік бағытқа бет алған жүк көлігін тоқтатқанда, одан тоннаға жуық гашиш есірткісі табылған. Ұсталған жүргізуші кеденде түнеген, ал ертесіне, сенбі күні таңертең оны қамауға алды.



Соңғы жаңалықтар