Францияда жанармай бағасының өсуіне қарсы наразылық шаралары жалғасуда

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Франциядағы «Сары жилеттер» қоғамдық қозғалысының қатысушылары үшінші күн қатарынан елде жанармай бағаларының өсуіне қарсылық білдіріп, наразылық шараларын өткізуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Халық бүкіл Франция бойынша жолдарды жауып жатыр. Салдарынан бірқатар ірі автомагистральда қозғалыс қиындап отыр.

Сондай-ақ «Сары жилеттер» Total компаниясының елдің батысы мен оңтүстігінде орналасқан екі отын қоймасының кіру жолдарына тосқауыл болуда. Демонстранттар нысандардың кіреберістеріне баррикадалар орнатып тастады.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Францияда жанар-жағармай бағаларының өсуіне байланысты наразылық акцияларына 300 мыңға жуық адам қатысты.

«Сары жилеттер» бағалардың бірден қымбаттауына наразылық білдіруде: соңғы жылда Францияда бензин бағасы 10-15 пайызға көтерілсе, дизельдік отын 24 пайызға қымбаттады. Бағалардың өсуі биыл да жалғаспақ.


Фото: REUTERS/Stephane Mahe

Соңғы жаңалықтар