+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Францияда вакцина салдырмаған үш мың медицина қызметкері жұмыссыз қалды

2021 жылғы 17 қыркүйек 19:31
Бөлісіңіз:
Францияда вакцина салдырмаған үш мың медицина қызметкері жұмыссыз қалды

ПАРИЖ. ҚазАқпарат – Францияда үш мыңға жуық медицина қызметкері жұмыстан шеттетілді. Олардың барлығы бір себеппен – коронавирусқа қарсы вакциналанбағандары үшін шығарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы қаласы коронавирусқа қарсы вакцинация бойынша көш бастап тұр ШҚО-да вакцина салдыру көрсеткіші бойынша қай аудандар көш бастап тұр Вакцина салдырған студенттер iPhone және басқа да бағалы сыйлықтар ұтып алуда

Үкіметтің дәрігерлер үшін міндетті екпе жасау туралы өкімі бірнеше апта бұрын белгілі болған. Алайда көпшілік биліктің сөзден іске көшетініне толық сенбеді.

Кәсіподақтар кадр тапшылығы мәселесін айтуда. Билік жағдай бақылауда деп сендіреді. Бірақ кейбір ауруханаларда шұғыл шаралар қабылдауға тура келді.

«Біз бөлімшелердің секцияларын жабамыз, штаттан тыс қызметкерлерді тартамыз, медицина қызметкерлерінен артық жұмыс істеуді сұраймыз», - деді жергілікті емханалардың бірінің өкілі.

Үш мың медицина қызметкерінің келісімшартын уақытша тоқтату – бұл жалпы Еуропа үшін бұрын-соңды болмаған жағдай.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT